Білім және ғылым саласын жетілдіру қажет
Білім және ғылым саласын жетілдіру қажет
151
оқылды

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жол­дауда, сондай-ақ Ұлттық қо­ғамдық сенім кеңесінде және Үкіметтің кеңейтілген отыры­сында берілген тапсырмалардың орындалу ба­рысы туралы есеп берілді. Асхат Аймағамбетов Прези­дентке министрліктің педагогтер мәртебесін арттыру жөніндегі шараларды белсенді іске асырып жатқаны, мұғалімдердің еңбек­ақысы 25 пайызға артқаны туралы баяндады. Биыл 200 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысына панде­мия кезіндегі оқу үдерісінің ахуалы және оқушылардың бі­лі­мін то­лықтыру үшін қабыл­данған ша­ралар, сондай-ақ ба­лаларға қо­лайлы орта қалып­тас­тыру және «Кітап оқитын мектеп» жобасын іске асыру жөнінде ақ­парат бе­рілді. Кездесуде балалардың құқық­тарын қорғау, отандық колледждер мен жоғары оқу орындарын да­мыту, жоғары білім беру сапасын арттыру, академиялық еркіндікті қам­тамасыз ету және оқу орында­рын одан әрі оңтайландыру мәсе­лелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бо­йынша Президент Қазақстанның білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіру үшін министрлікке бірқатар міндет жүктеді.