Қазбалы отын салдарынан ластанған ауадан жылына 8,7 миллион адам көз жұмады – ғалым
Қазбалы отын салдарынан ластанған ауадан жылына 8,7 миллион адам көз жұмады – ғалым
Британия университеттері жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша, климаттың өзгеруінен ерте қайтыс болғандардың тең жартысы Қытай мен Үндістанда тіркелетін көрінеді. Ал АҚШ-та мұнай мен көмірден әр оныншы тұрғын бақилық болады екен. Ғалымдар анықтағандай, қазбалы отынды жағу кесірінен азаматтар арасында жүрек және респираторлық ауруларға шалдығу деректері көбейіп кеткен, – деп жазады 24.kz. Тіпті, көру қабілетінен айырылған жағдайлар да артқан.
«Біздің есебіміз бойынша, жыл сайын қазбалы отынды жағудан 8,7 миллион адам өмірден ерте озады», – дейді ғалым Элоиз Мараис