Air Astana Мәскеуге ұшу жиілігін арттырады
Air Astana Мәскеуге ұшу жиілігін арттырады
168
оқылды

Air Astana Қазақстаннан Мәс­кеуге рейстер санын арттыратыны туралы хабарлайды. Енді Нұр-Сұлтаннан Домодедовоға апта­сына 2 рет сәрсенбі және жексенбі күндері жетуге болады. Алматыдан Мәс­кеуге тікелей рейс 5 ақпаннан бастап жұма күн­дері қайта орын­дала бастайды.

Ресейге кіруге тек Ресей мен Қазақстан азамат­тарына, сондай-ақ Ресей Федерациясында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға ғана рұқ­сат етіледі. Ресейге келген барлық шетел­дік азаматтар (оның ішінде Қазақ­стан Республикасының азамат­тары және Ресей Федерациясында тұруға ықтиярхаты бар) сауал­наманы толтырып, өздерінде ұшу­ға үш күн бұрын алынған теріс нәтижесі бар ПТР-тест анық­тамасы болуы керек. Сондай-ақ Ресей азаматтары мемлекеттік қыз­меттер порталында үлгіні сапарға шығар алдында толтыруы керек, ал Ресей Феде­рациясына келген күннен бастап 3 күн ішінде олар ПТР-тестін тапсырып, сол сайтта тест нәтижесін жүк­теу керек. Транзиттік жолаушылар шектеусіз қабылданады, дегенмен ақырғы баратын елдің ережелері есепке алады. Транзиттік жолау­шыларда да ПТР анық­тамасы болуы тиіс. Сондай-ақ балалар тест тапсыруы керек. Санитарлық талаптар туралы толығырақ ақ­парат әуекомпаниясының сай­тында жарияланған.