Көне музей есігін қайта ашты
Көне музей есігін қайта ашты

Ақмола облыстық тари­хи-өлкетану музейі реэкс­по­зи­циядан кейін келу­ші­лер­ді қабылдай бастады.

1920 жылы негізі қаланған Ақмола облыс­тық тарихи-өлкетану музейі елі­­­міздегі ең көне мәдени ме­ке­­ме­­лердің бірі. Музей 1904 жы­лы салынған, тарихи-архи­­тектуралық ескерткіш ғи­ма­рат­та орналасқан. Музей қо­рын­­да 80 мыңнан артық жә­ді­гер сақ­талған, олардың бірегейлері экс­позициялық залдарда көрсе­тіл­ген.

Жаңа экспозиция өлкенің тарихы мен мәдениетін ашады. Онда табиғат залы экожүйелерді қолдана отырып, ландшафт көр­сету әдісіне сәйкес жа­са­л­ған. «Табиғи тарих» залы жер­дегі өмірдің даму кезеңдерін, ежелгі дәуірдегі өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы мате­риал­дарды ұсынады. «Ұлы дала өркениеті» залының «Ар­хео­­ло­гия», «Орта ғасыр», «Этно­­гра­фия», «Абылай хан» бөлім­де­рі қазақ халқын көшпелі өркениеттің өкілі ретінде та­ныс­­тырады. Өйткені Ұлы дала әлемге жылқы шаруашылығы мен салт ат мәдениетін сыйлады, мұнда этнос өмірі, оның ша­руа­­­шылық-мәдени әдет-ғұрып­тары, өлке археологиясы мен этно­графиясы бойынша үздік кол­лекциялар ұсынылады. «Қа­­­зақ тарихындағы алтын ға-­сыр – Абылай хан билігіне ар­нал­ған экспозиция ерекше орын алады. «XIX ғасырдағы Ақ­мола өлкесінің тарихы» залы XIX ғасырдағы өлкенің әлеу­­мет­тік-экономикалық және сая­си өмірін, сондай-ақ Көк­ше­­тау және Ақмола қала­­ла­ры­­ның пайда болуын көр­се­­­теді. «Ақмола облысының XX ға­­сырдағы тарихы» залы Ақ­мо­­­ла облысының тарихында көрі­­ніс тапқан жарқын, кейде дра­малық оқиғаларға толы XX жүзжылдықтың маңызды тарихи оқиғаларына арналған. Ал 2018 жылы ашылған «Елбасы және Тәуелсіздік» заманауи тарих за­лы Тәуелсіз Қазақстанның қалып­тасу тарихын, оның жетіс­тіктерін және табысты Қазақ­станның құрылуындағы Тұңғыш Президенттің ауқымды тарихи рөлін көрсетеді.

Жаңа инновациялық техно­ло­­гия­лар­ды қолдана отырып құ­­рыл­ған жаңа экспозициялық залда жәдігер­лер­ді (сөрелер, дио­ра­ма­лар, инстал­ля­­циялар) дәс­түрлі көрсетумен қатар келу­ші­­лердің ыңғайлылығы үшін мо­­­ни­­тор­лар, сенсор моноблоктар жұмыс іс­тей­тін болады, сондай-ақ музейде ал­ғаш рет QR кодтар орнатылған.