Жеңімпаз Зарина
Жеңімпаз Зарина

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Гонконгтағы ITF турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші бірінші пар­тия­ны 6:4 есебімен аяқтап, екінші сетте есеп 6:5 болды. Соңғы сетті Зарина матчты же­­ңіспен тамамдады. Есеп – 7:5. Осылайша, Зарина Дияс жүлде қоры 25 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің жеңімпазы атанды.

Келесі кезекте – Қытайдағы Шэньчжэнь WTA жарысы. Зарина бұл сайыста да бақ сы­­намақ. Оның қарсыласы – рейтингте 396-орындағы қытайлық Йин-Йин Дуань болады.