Таразда тұңғыш рет педофилге кастрация жасалады
Таразда тұңғыш рет педофилге кастрация жасалады

Қазір қалалық емханада дәрігерлер  қылмыскердің денсаулығын жан-жақты зерттеуде.

Жалпы облыстағы түрмелерде жатқан 13 педофилге кастрация жасау жоспарланып отыр. Оған бюджеттен 1 миллион 373 мың теңге бөлінген.

– Антиандрогендік препараттар тағайындау ол да өзінше бір үлкен жұмыс, өйткені  әр адамның физикалық жағдайына байланысты оған аллергиялық реакциялыры бар ма, жоқ па бүкіл қан талдаулары жүргізіледі. Антиандрогендік препараттармен түзеу мекемелерін қалалық емхана қамтамасыз етеді, – дейді  ҚАЖ департаменті сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының бас маман-дәрігері  Ерлан Әбдібай.

Осылайша өңірде педофилге алғаш рет химиялық кастрация қолданбақшы. Ол үшін 1 миллионнан аса қаржы да бөлініп отыр. Енді осыншама қаржы шығындап, одан қалса азғынды медициналық сараптамадан өткізгеннен  бір нәтиже шыға  ма? Басты сауал осы...

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы