Қымбатты қазақстандықтар!
Қымбатты қазақстандықтар!

Еліміздің православ христиан­да­рын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Тарихы көне ғасырлардан бастау ала­тын бұл мейрам азаматтарды адамгершілік, мейірімділік және бауырмалдық сияқты мәңгілік құнды­лықтардың қадір-қасиетін терең ұғынуға ша­қырады.

Конфессияаралық келісім – мемле­кеті­міздің табысты дамуының маңызды фак­тор­лары­ның бірі. Біз елімізді мызғымас береке-бірліктің рухына сәйкес өркенде­тіп, болашаққа нық қадам басып келеміз.

Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігі саналатын православ христиандары тәуел­сіздігімізді нығайтуға мол үлес қосуда. Біз хал­қы­­мыздың әл-ауқатын арттыру үшін бірге қа­жыр­лы еңбек ете береміз.

Барлық православ христиандарына амандық және бақ-береке тілеймін!

Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік болсын!


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Рождество мерекесімен құттықтауы

7 қаңтар, 2020 ж.