Енді кинотеатрлар QR-кодпен өткізу жүйесін енгізеді
Енді кинотеатрлар QR-кодпен өткізу жүйесін енгізеді
105
оқылды

Алматы кинотеатрлары Ashyq жобасына қосылуға ниетті. Ол бойынша қазақстандықтар қызыл, сары, көк, жасыл түстерге бөлінеді. Сөйтіп, бірқатар мекемеге QR-код арқылы кіреді. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП сайтында жазылды.

Алматыда бұл жобаға 15 фитнес-орталық пен СПА және сауна қатысып жатыр.

«Пилоттық жобаға мегаполистегі кинотеатрлар да қосылуға ниетті. Қазіргі кезде олар жеке қатысу алгоритмдерін әзірлеп, келушілер қосымшаға билеттерді онлайн сатып алу кезінде тіркелуі үшін механизмдерді талқылап жатыр. Олардың пікірінше, бұл шара кинозалға келушінің басқаға індетті жұқтыру қаупін төмендетеді», - деді Алматы қаласы ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салтанат Лесбаева.