Елордалық жігіт цех ішінен бос сейфті ұрлап шыққан
Елордалық жігіт цех ішінен бос сейфті ұрлап шыққан
104
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға ұрлық фактісі бойынша жиһаз жасайтын цехтың әкімшісі жүгініпті.

Белгісіз адам кілтті іріктеу жолымен цехтың үй-жайына кіріп, бағасы 50 мың теңге тұратын сейфті жымқырған. Жәбірленушінің айтуынша, ұрланған сейфтің ішінде ақшалай қаражат болмаған. Онда тек құжаттар болған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ұстап, анықтады. 32 жастағы қала тұрғыны бұрын да сотталған екен. Оның айтуынша, ол цехқа кіріп, сейфтің ішінде ақша бар деген үмітпен ұрлыққа барған. Алайда үйіне келіп, сейфті ашқанда онда ақша болмаған. 

Полиция қызметкерлері сейфті тәркілеп, иесіне қайтарды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталған адамның бұрын елорда аумағында жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.