Шаңғышы Алексей Полторанинді спорттан 4 жылға шеттетті

Шаңғышы Алексей Полторанинді спорттан 4 жылға шеттетті

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) қазақстандық Алексей Полторанинді спорттық жарыстарға 4 жылға дейін қатыстырмайды, — деп хабарлады федерацияның ресми сайты.

«Допингке қарсы талаптарды бұзғаны үшін 2020 жылғы 2 қаңтардағы шешімімен эстондық шаңғышылар: Карела Таммъярва, Андреаса Верепалу, жаттықтырушы Мати Алаверу және қазақстандық Алексей Полторанин төрт жылға спорттан шеттетілді» делінген ресми хабарламада.