Австралияда жаңбыр жауса да, өрт сөнбеді – түтіннен мекемелер жұмысын тоқтатты

Австралияда жаңбыр жауса да, өрт сөнбеді – түтіннен мекемелер жұмысын тоқтатты

Австралия астанасы Канберрада қалың түтіннен Австралия федералды үкіметінің төтенше жағдайлар департаментінің жұмысы тоқтады, — деп хабарлады «ҚазАқпарат» CNN-ге сілтеме жасап.

Канберрала ауа сапасының индексі 340-қа жеткен. Бұл – әлемдегі ауа сапасы нашар Бейжіңдегі көрсеткіштен (140) де жоғары көрсеткіш.

«Австралиядағы соңғы он жылдағы ең үлкен өрттен 24 адам қаза тапты. Үйлер жанып, жабайы жан-жануар, орман өртеніп жатыр. Аспан қызыл түске боялды» деп жазды CNN.

Қалада балаларға арналған мекемелер де жұмысын тоқтатты. Кейбір мемлекеттік органдар қызметкерлеріне қауіпсіз жерден арнайы орындар бөлген. Канберраның ұлттық галереясы да жабылды. Олар бұл әрекет қоғамға қызметкерлер мен өнер туындыларына қорғау мақсатында жасалғанын түсіндірді. Австралияда дүйсенбі күні жаңбыр жауып, өрт сөндірушілердің жұмысын жеңілдетті.

Өкінішке қарай, өрт әлі сөнбеді.