60 гектар жерге мұз қалашығы салынды
60 гектар жерге мұз қалашығы салынды
111
оқылды

Мұз бен қар фестивалі өтті, – деп хабарлайды 24.kz.

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Харбин қаласында 36-рет ұйымдастырылған шара көздің жауын алар отшашу мен жарық шоуымен басталды.

Биыл мұнда 60 гектар жерге керемет өнер туындылары бар мұз қалашығы тұрғызылды.

Харбин фестивалі мұзды мүсіндерге арналған әлемдегі ең ірі көрме саналады. Оған дайындық жұмыстары желтоқсан айында басталыпты. Мұзды Сунгари өзенінің суынан алған.

Айта кетейік, Қазақстаннның солтүстік аймағындағы қалаларда да мұз қалашықтар сырғанау, қала қонақтары демалыс күндері тынығу, демалу үшін салынады.