Мемлекеттік мекемелерде электр жарығы қымбаттады
Мемлекеттік мекемелерде электр жарығы қымбаттады
5,125
оқылды

Жамбыл облысында жарықтың бағасы 3 теңге 91 тиынға өскен, – деп 24.kz.

Бірақ тариф тек мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерге қатысты өзгеріп отыр.

Мәселен, бұған дейін әрбір бюджеттік мекеме өнімнің киловатына 24 теңгеден төлеп келсе, енді 28 теңге көлемінде төлейді.

Ал жеке және заңды тұлғалараға қатысты тариф әзірге өзгермейді. Табиғи монополияларды реттеу комитеті қызметкерлерінің айтуынша, бағаның өсуіне тасмалдау қызметі әсер еткен.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Көрпебаев: «Электр қуаты нарығының бағасы 30%-ке қымбаттап отыр Осының себебінен электр энергия бағасы 3%-ке көтеріліп отыр. Оның ішінде халыққа дейміз, тұтынушыларға баға өзгерген жоқ. Сол 2019 жылы төлеген ақшасымен төлеп отырады. Заңды тұлғалардың бағасы өзгермеген», – деді.