Үндістандық шенеунік жиында судың орнына санитайзер ішіп қойды
Үндістандық шенеунік жиында судың орнына санитайзер ішіп қойды
5,094
оқылды

Үндістанда маңызды отырыстардың біріне келген шенеунік абайсызда судың орнына санитайзер ішіп қойған. Бүгінде, коронавирус өршіп тұрған кезде жиындарға санитайзерлер қою әдеттегі жағдайға айналған. Тіпті, тазалық құралдарынсыз түрлі жиындарды елестету мүмкін емес.

Сөйтіп, мумбайлық Рамеш Павар дезинфекциялау құралын ауызсумен шатастырып, оны ішіп қояды. Ол санитайзермен шөлін қандырамын деп мүлде ойламаған болуы керек. Бұл жайтты байқап қалған жиынның өзге қатысушылары мен ұйымдастырушылары оны тоқтатпақ болған. Бірақ ойы басқада болған шенеунік байқамастан санитайзерді бірнеше рет жұтып үлгерген.