Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Президент әкімшілігі басшылығындағы жауапты мамандармен биыл атқарылатын жұмыстарды жоспарлау және жобаларды пысықтау мақсатында жиын өткізді.
Жиында мәдени шаралар туралы да айтылды.
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл және әл-Фарабидің 1150 жылдығы сынды мерейтойлары аталып өтеді.
2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында, Париждегі ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ғылыми-практикалық конференциялар өткізу, «Абай» көркем фильмін түсіру және көрермендерге ұсыну, Абай еңбектерін шетел тілдеріне аудару мен жарыққа шығару, Абай мұражай-үйін кеңінен насихаттау, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық мұражай — қорығында ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу, Абайдың әкесі-Құнанбайдың тарихи-мәдени рөлі мен маңызын арттыру жайында және тағы сол сияқты мәдени шаралар өтеді.
Айта кетейік, ТҮРКСОЙ 2020 жылды «Абай Құнанбайұлы жылы» деп жариялады.