Полицейлер 16-қабаттан секірмек болған жігітті құтқарды (видео)
Полицейлер 16-қабаттан секірмек болған жігітті құтқарды (видео)

Өзіне-өзі қол салмақшы болған 24 жастағы жігіт құтқарылды, – деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

6 қаңтарда түнгі уақытта облыс орталығының полиция басқармасына қалада салынып жатқан 16 қабаттық құрылыстан ер адам секірмек болғаны туралы хабар түскен.

«Қаратал» ықшамауданына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары 24 жастағы азаматтың кім екенін анықтап, оны бір өлімнен құтқарып қалды.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 24 жастағы тұрғынның отбасылық жағдайына қатысты талаптарын тыңдады. Сол жерге жігіттің жақындары шақырылып, оның қауіпсіз жерге өтуі қамтамасыз етілді. Сараптама нәтижесі бойынша оның масаң күйде екені анықталды», – деп хабарлады Облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тергеу барысында азаматтың отбасылық жанжалдан соң,  биік ғимараттан секіріп кетпек болған.