Қазақстандық файтер ресейлік қарсыласын 84 секундта нокаутқа жіберді - видео
Қазақстандық файтер ресейлік қарсыласын 84 секундта нокаутқа жіберді - видео
113
оқылды
Мәскеуде Eagle Fighting Championship 33 аралас жекпе-жектен турнир өтті, онда қазақстандық ауыр салмақты файтер Акбар Таиров (2-1) өнер көрсетті. Оның қарсыласы ресейлік Константин Андрейцев (16-13) болды. Бұл жекпе-жек үш раундқа есептелген. Таиров қарсыласын бірінші раундтың 84-ші секундында техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша, Акбар Таиров өзінің кәсіби мансабында үшінші жеңіске жетті, ал Константин Андрейцев он төртінші жеңіліске ұшырады. Eagle Fighting Championship промоушнының құрылтайшысы ресейлік UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов. https://www.youtube.com/watch?v=KQ58oq8tn68