Полицейлер ізін суытпай жол апатына кінәлі адамды ұстады және уақытша ұстау изоляторына жіберді, деп хабарлайды"Мой ГОРОД" порталы. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 9 ақпанда сағат 20.45-те Бәйтерек ауданы Мичурино кентінің жанындағы Самара-Шымкент тас жолында болған. Қырғызстан азаматы DAF көлігін айдап бара жатып, 33 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттарынан зардап шеккен адам оқиға орнында көз жұмды, ал ауыр жүк көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Мәйіт мәйітханаға сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты ҚР ҚК - нің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" және ҚР ҚК-нің 347-бабы "ЖКО орнын қалдыру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады полиция басқармасы.