SpaceX компаниясы 60 жер серігін шығарды
SpaceX компаниясы 60 жер серігін шығарды
5,108
оқылды

SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран-тасығышы орбитаға 60 Starlink жер серігін сәтті шығарды, – деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасап Tengrinews.kz.

Орбитаға шығарылған жерсеріктер 290 шақырым биіктікте болады. Жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етеді.  Falcon 9 6 қаңтарда 21:19-да жергілікті уақыт бойынша ұшты.

Оның бірінші сатысы (бұрын үш рет қолданылған) Атлант мұхитындағы Of Course I Still Love You платформасына қонды. 

SpaceX жаһандық интернетпен қамтамасыз ету Starlink бағдарламасын 2015 жылы таныстырған еді. Ол 12 мыңға жуық жерсеріктерді іске қосуды жоспарлаған: 1,1-ден 1,3 мың шақырым аралығындағы биіктікте 4425 құрылғы және 335-тен 346 шақырымға дейінгі биіктікте 7518 аппарат. Жүйенің мәлімделген өткізу қабілеті бір пайдаланушыға секундына бір гигабитті құрайды. Жүйенің өткізу мүмкіндікгі бір қолданушыға секундына бір гигабайт болады.