Атырау облысында карантинге қатысты жаңа қаулы шықты
Атырау облысында карантинге қатысты жаңа қаулы шықты
5,107
оқылды
Атырау облысы бас санитар дәрігерінің қаулысы жарияланды.Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 60 проценті қашықтан жұмыс істеуі керек, деп хабарлайды sputnik.kz. Құжатқа сәйкес, мәдениет нысандары, театр, кинотеатр жұмысына рұқсат берілді. Адам саны орындардың 20%-інен көп болмауы тиіс, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 60 проценті қашықтан жұмыс істеуі керек. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына сенбі күні сағат 09.00-13.00 аралығында жұмыс істеуге рұқсат берілді. Білім нысандарындағы тамақтану орындарының да қызметі жанданады. Бұдан бөлек, сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтары мен базарлардың жұмыс уақыты таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін ұзартылды. Қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты - 08.00 - 00.00, адам саны 50-ден көп болмауы тиіс. Ұжымдық шаралар өткізуге рұқсат берілмейді. Сауна, СПА және бассейндер 07.00- 22.00 аралығында ашық болады. Атырау облысы коронавирус таралуы бойынша "жасыл" аймаққа енген.