Тағылымдамадан өтуші кассир ұялы телефонды жымқырған
Тағылымдамадан өтуші кассир ұялы телефонды жымқырған
Нұр-Сұлтан қаласының 25 жастағы тұрғыны техника сататын дүкенде тағылымдамадан өтуші кассир болып жұмыс істеп жүріп бағасы 139 800 теңге тұратын «Samsung Galaxy» маркалы ұялы телефонды ұрлаған. Ол ұрланған телефонды белгісіз адамға қолдан сатып жіберген. Қымбат тұратын телефонның ұрланғанын байқаған дүкеннің әкімшісі ұрлық туралы полицияға хабарлаған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ұстады. Ұсталған қыз өз кінәсін мойындады. Ұрланған телефонды іздеу жалғасуда. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы бойынша («ұрлық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар, оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтардан қырағылық танытуын, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауын сұрайды. Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі