Мұны Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы растады. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.
Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, бұл жағдай былтыр қазан айында анықталды. Бұл уақытта балалар сабақты жаппай қашықтан оқып жүрген. 9-сынып оқушысының ынтасы төмендеп, көңіл күйі болмай жүргенін мұғалімдер байқаған. Күдік расқа айналды.Шымкент қалалық Білім басқармасы Жанат Тәжиева: «Анықталғаннан кейін мектеп ұжымы қызды ата-анасымен бірге дәрігерге апарды. Дәрігерлер анықтады. Оқушы дәрігерлердің қадағалауында. Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдардың тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді.
16 жастағы оқушының кімнен және қашан аяғы ауыр болып қалғанын полицейлер анықтайды. Аяғы ауыр оқушыға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сабағын әзірше үйден оқиды.