Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Рұқсатты Қазақстан аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия берді. Ресейге рейстер саны аптасына 7-ге дейін артты (әр тараптан 3-тен 10 рейске дейін). Нұр-Сұлтан – Мәскеу және Алматы – Мәскеу бағыттарына рейстер саны қосылды: ұшақтар енді аптасына 4 рет ұшатын болады. Шымкент – Мәскеу және Ақтау – Мәскеу бағыттары бойынша әр тараптан аптасына 1 рейстен қатынайды. Өзбекстанға – әр тараптан аптасына 4 рейс қатынайды. Аптасына 4-тен 7 рейске дейін Мальдив аралдарына, Алматыдан Малеге ұшу жиілігі артты. Алматыдан Бішкекке аптасына 3 рет арлы-берлі ұшуға болады. Өзбекстанға аптасына 7 рет ұшатын болады. Апта сайын тұрақты рейс Нұр-Сұлтан – Ташкент бағытында қатынайды. Нұр-Сұлтан – Киев бағыты бойынша әуе қатынасы қайта жанданды. Ұшақ аптасына бір рет ұшады.Ұшудың нақты кестесі әуе компанияларының сайтында жарияланды.