Түрмеден 31 телефон, 17 пышақ табылды
Түрмеден 31 телефон, 17 пышақ табылды
5,171
оқылды

Алматы облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/8 мекемесінде тінту жүргізілді.

Нәтижесінде, 31 ұялы телефон (16 – қарапайым, 15 – смартфон), 10 телефон қуаттайтын құралдар, 6 SIM карта, 3 құлаққап, 3 MP3, 2 ойын карта, 30 метр электр сымы, 17 үшкір зат (арасында пышақ, қайрақ та бар) тапты.

«Абақтыға тыйым салған заттарды сотталушыларға олардың туған-туысы жеткізеді. Таныстары мекеменің сыртқы қоршауынан ішке қарай лақтырады. Бақылау болса да, заңсыз әрекеттер кездесіп жатады. Сондықтан мекеме әкімшілігі үнемі тінту жұмысын жүргізеді. Кінәлілер жауапқа тартылады», – дейді өңірлік Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Қанат Ашов.

Алматы облысы бойынша мекемелерде қылмыстық жазаның орындалу заңдылығын кадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор Азамат Абдулдаевтың айтуынша, тінту кезі видеоға түсірілді.

Сотталушылардан тінтуге қатысты арыз-шағым түскен жоқ. Тексеру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ереже талабы сақталды.