COVID-19: Нұр-Сұлтан «қызыл» аймақтан шықты
COVID-19: Нұр-Сұлтан «қызыл» аймақтан шықты
134
оқылды

Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанда Ақмола мен Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.

Кеше «қызыл» аймақта болған Нұр-Сұлтан қаласы бүгін «сары» аймаққа шықты. «Сары» аймақта сонымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.

Бір тәулікте мыңнан астам адамнан коронавирус анықталып, пневмониядан 4 науқас қайтыс болды.