Кассирге бензин шашып, тонап кеткен ұрылар ұсталды
Кассирге бензин шашып, тонап кеткен ұрылар ұсталды

Қарағандылық полицейлер микро несие беретін ұйымның кассасын тонады деген күдікпен екі адамды ұстады.

Олардың 19 және 28 жастағы қала тұрғыны екені анықталды. Екеуі де ұрлық жасағанын мойындады.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин: «Жедел іздестіру нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері 19 және 28 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар кінәсін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді.

Екі күн бұрын Қарағандыда белгісіз екі адам микронесие ұйымы кеңсесінде кассирдің үстіне бензин шашып, 120 мың теңгені алып кеткен еді.