Шығыс Қазақстанда қар көшкінінен турист қайтыс болды
Шығыс Қазақстанда қар көшкінінен турист қайтыс болды
95
оқылды

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Кеше облыс орталығынан келген алты турист Риддер қаласында Үлбі маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан қар көшкен. Туристердің бірін қар басып қалды.

«Көмекке Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты. Құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты. Оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қарда жүретін шанамен оқиға орнына жетті», – деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Уәлидің айтуынша, боран болғандықтан тікұшақ экипажы 16.23-те жерге қонуға мәжбүр болған. Сол кезде саяхатшылар байланысқа шығып, зардап шеккендерге жеткен. Қардың астында қалған 1979 жылғы ер адамның денесін алып шықты.

Қайтыс болға саяхатшының денесін алып шығуға 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминаллық полиция сарапшы атсалысты. Саяхатшылар да көмектесті.