Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Кеше облыс орталығынан келген алты турист Риддер қаласында Үлбі маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан қар көшкен. Туристердің бірін қар басып қалды.Уәлидің айтуынша, боран болғандықтан тікұшақ экипажы 16.23-те жерге қонуға мәжбүр болған. Сол кезде саяхатшылар байланысқа шығып, зардап шеккендерге жеткен. Қардың астында қалған 1979 жылғы ер адамның денесін алып шықты.«Көмекке Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты. Құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты. Оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қарда жүретін шанамен оқиға орнына жетті», – деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Қайтыс болға саяхатшының денесін алып шығуға 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминаллық полиция сарапшы атсалысты. Саяхатшылар да көмектесті.