Генерал Сулейманиді жерлеуге жиналғандардың сығылысуынан 35 адам қаза тапты
Генерал Сулейманиді жерлеуге жиналғандардың сығылысуынан 35 адам қаза тапты

Иранның Керман қаласында генерал Кассем Сулейманимен қоштасу рәсімінде болған сығылысудан 35 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алды. Бұл туралы РИА Новости Иранның IRIB теледидарына сілтеме жасап хабарлады, – деп жазады Tengrinews.kz.

Керман қаласында ирандық генерал Кассем Сулейманимен қоштасу рәсімі сейсенбі күні таңертең басталды. Иран теледидары бұған дейін бірнеше адамның қайтыс болғанын хабарлаған.

«Өкінішке орай, Кермандағы жерлеу рәсіміне қатысушылардың жаппай жиналуына байланысты бірнеше адам қыспақта қалып, қаза тапты, бірнеше зардап шеккен жан медициналық орталықтарға жеткізілді», – деді жедел жәрдем басшысы Пир Хосейн Куливанд.

Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайы нақтылануда, тергеуден кейін қосымша ақпарат беріледі.

Айта кетейік, ирандық генерал Касем Сулеймани АҚШ-тың Ирак астанасы Бағдадқа жасаған әуе соққысы салдарынан қаза тапқан болатын.