Полицейлер Атырауда екі тұрғынның көлігінен 364 киік мүйізін тапты

Маркалары бірдей «ВАЗ-21014» автокөліктердің бірінен 200 дана киік мүйізі және еш жерде тіркелмеген қос ұңғылы «ТОЗ-16» маркалы аңшы мылтығы табылды.

Екінші көліктен 164 дана киік мүйізі мен құжаты жоқ 4,5 калибрлі «Байкал МР-512» маркалы қару тәркіленді.

Қазіргі таңда Исатай ауданы мен Атырау қаласының 23 жастағы екі тұрғына Қылмыстық кодекстің 339-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.