Алақанға қарап ауруды анықтау қаншалықты мүмкін
Алақанға қарап ауруды анықтау қаншалықты мүмкін

Алақанның температурасы мен ондағы сызықтар сырқатыңызды анықтайтынын білесіз бе? Бұл жөнінде oinet.kz жазды.

– Қолыңыз үнемі суық күйінде жүрсе, онда қанның таралуында өзгерістер орын алып, ағзаңыздағы қышқылдар төмендеген. Мұны байқасаңыз тез арада дәрумені мол тағамдарды жегеніңіз дұрыс.

– Керісінше, қолыңыз ысып, алақаныңыз от болып жанып тұрса – бауыр қызметін дұрыс атқара алмай жатқаны.

– Ал, алақаныңыз терлеп, суланып жүрсе – қалқанша безінде ақау бар деген сөз.

– Қолыңыздың терісі құрғап, әрі қуқыл тартса – онда уақыт өткізбей дәрігерге көрініңіз.

– Егер, алақаныңыз сарғыш болса – бауыр мен өт жолында өзгерістер болып жатыр.

– Алақаныңыз қызарып жүрсе – бауырыңыз ауырады.

– Ал, қоңырлау болса – өт қабынғанның белгісі.

– Шынашақтарыңыз жансызданып, жиі ұйыса – жүрек-қан тамырларының сыр бере бастағаны.

– Бас бармағыңыздың шынашағы ұйыса – тыныс алу жолдарына суық тиген.

– Саусағыңыздың басы қарақошқыл түске енсе – асқазан ауырып бастағаны.

– Саусақ ұштарындағы ақ дақтар – гемоглобин төмен екенінен хабар береді.

– Саусағыңыздан қызыл түс байқасаңыз – бүйрек пен бауырды узиге түсіріп, тексерткеніңіз дұрыс.

– Егер, оң қолыңыздағы сұқ саусағыңыздың екі жаны қышыса – тоқ ішегіңізде ақау бар болғаны.

– Саусақ буындарын жиі сықырлатсаңыз – ағзаңызда кальций жетіспейді.