СҚО-да үй өртеніп, бір отбасынан үш адам қаза тапты
СҚО-да үй өртеніп, бір отбасынан үш адам қаза тапты
116
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, бір отбасынан үш адам қаза тапты.

Төтенше жағдай Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаевода болды. Оқыс оқиға жайлы қоңырау кезекші бөлімге таңғы сағат 07:00-де келіп түскен. Мамандар екі сағаттың ішінде тілсіз жауды тоқтатып, үйдің ішінен 3 жасар бала мен оның ата-анасының денесін тапты. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

– Өрт кезінде үйде газ баллоны жарылған. Салдарынан баспананың шатыры опырылып түсті. Біздің мамандар үш адамның мәйітін тапты. Марқұмның туыстарының айтуы бойынша үйде 19 жастағы тағы бір азаматша болған. Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, – облыстық ТЖД басшысы Рамиль Қамалов.