Министр тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз қалған баланың жағдайын бақылауына алды
Министр тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз қалған баланың жағдайын бақылауына алды
5,101
оқылды

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорданың стамотологиялық клиникаларының бірінде тісін емдеткеннен кейін ес-түссіз қалған баланың жағдайын өз бақылауына алды. Бұл туралы министр Facebook-тегі парақшасында жазды.
Айта кетсек, елорда тұрғыны Анастасия Зелёная «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» Facebook тобында екі жарым жастағы баласының стамотологиялық клиникаға қаралғаннан кейін ес-түссіз қалғанын жазған. Бала 11 тәуліктен бері есін жия алмай жатыр. Осы оқиғаға байланысты Елжан Біртанов түсінік берді.

«Жағдайды бақылауымда ұстап отырмын. Өкінішке қарай, баланың жағдайы өте ауыр. Бірақ, дәрігерлер тарапынан медициналық көмек барынша көрсетілуде. Оған толыққанды деңгейде жәрдем беріледі», – деп жазды министр.

Сонымен бірге, министр ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабековаға аталмыш стаматологиялық клиниканы тексеруді тапсырды.