Оңтүстік және батыс өңірден басқа аймақтарда қар жауады
Оңтүстік және батыс өңірден басқа аймақтарда қар жауады
148
оқылды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Оңтүстік пен батыс аймақтарда кей жерлерде жауын-шашын жауады.

Ал қалған аймақтарда қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек оңтүстік-батыста жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман түседі.

Кейбір аймақтарда кей жерлерде тұман күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының кей аймақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.