Мойнында GPS-і бар құланды браконьерлер атып кетті
Мойнында GPS-і бар құланды браконьерлер атып кетті
139
оқылды

2018 жылы мойнына GPS тағып, далаға жіберілген құланның өлексесі Қостанай облысындағы «Тасты» шаруашылығынан табылды, — деп жазады 24.kz.

Құланды браконьерлер атып кеткенін Биоалуандылықты сақтау қауымдастығы Facebook парақшасында жазды.

Қауымдастық өкілдерін құланның мойнына тағылған GPS-хабар беретін құрылғының ешқандай белгі бермегенінен күдіктенген. Сондықтан олар құрылғыны іздемек болып, 26 желтоқсан күні сапарға шыққан. Жануар өлтірілген жерді қарағанда құланның басы мен өте ұқыптылықпен кесілген GPS-тің бауы табылған.

Сол жерден көлік ізі де табылды. Құланның аналығын соңғы рет 14 желтоқсан күні көрген. Құланның өлтірілгені туралы хабар Қостанай облысы Арқалық қалалық пролиция басқармасына жіберілді.

Қазіргі таңда осы жағдай бойынша «Қызыл кітапта енген жануарға браконьерлік шабуыл жасады» деген баппен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Айта кетейік, осы және тағы басқа 8 құлан 2018 жылы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті, сондай-ақ Орталық Қазақстанда құландардың популяциясын қалпына келтіру жөніндегі шетелдік әріптестермен бірлескен бағдарлама шеңберінде табиғатқа жіберген.