Жезқазған вокзалында ер адамнан 2,5 келі есірткі тәркіленді
Жезқазған вокзалында ер адамнан 2,5 келі есірткі тәркіленді
5,121
оқылды
Жезқазған теміржол вокзалында ұсталған ер адамнан 2,5 келі марихуана тәркіленді Полиция қызметкерлері Жезқазған қаласы теміржол вокзалының перронында 45 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру барысында ұсталған адамның сөмкесінен ерекше иісі бар, қою жасыл түсті өсімдікке толтырылған, көлемі 5 литрлік пластмасса бөтелке тәркіленген. «Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 2 кг 435 грамм аса ірі мөлшердегі марихуана екені анықталды. Аталған факті бойынша көлік полицейлері Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігімен, яғни, аса ірі мөлшердегі есiрткi тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастады», – делінген хабарламада. Жыл басынан бері полиция департаментінің қызметкерлері 52 есірткі қылмысын ашты.