«Газ шығатын саңылауды шүберекпен бекіткен» – үш адам өлімінің себебі айтылды

«Газ шығатын саңылауды шүберекпен бекіткен» – үш адам өлімінің себебі айтылды

Алматыда жылытқыш құрылғыны газ құбырына мамандардың көмегінсіз өз еркімен қоспақ болған үш адам көз жұмды, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

6 қаңтарда Төтенше жағдайлар департаментіне үш адамның қайтыс болғаны туралы хабар түскен. Түрксіб ауданы Дегдар көшесіндегі үйге жедел жәрдем жеткенше 1950, 1960 және 1997 жылы туған үш адам жан тапсырған.



«Тексеру барысында мамандар газ құбыры мен күмәнді жылытқыш құрылғыны бір-біріне қолдан жалғамақ болғаны анықталды. Бұл ретте оларда газ пешінің түтін шығатын құбырын бекітетін бекіткіш те болмаған. Сөйтіп, құбыр қажетті жеріне дұрыс бекітілмеген. Ал газ шығуы тиіс саңылаулардың барлығы шүберекпен бекітілген. Түтін шығатын құбыр да дұрыс орнатылмаған», – дйеді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.