Болашақ дипломаттарға талап күшейеді
Болашақ дипломаттарға талап күшейеді

Сенаторлар дипломаттарға қатысты заңды Мәжіліске қайтарды. Мәулен Әшім­баевтың төрағалығымен өткен Сенат отырысында депутаттар «Қазақстанның дипломатиялық қызметі туралы» қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін жаңа заң жобасын қарады.

Осы құжат арқылы қазақ­стан­дық дипломаттарға қызметке кіру кезінде қойылатын талаптар кү­шейтілетін болды. Мысалы, олар үшін енді тек мемлекеттік тілді білу аздық етеді, сонымен қатар шет тілдерін де білуі қажет. Әйт­песе, ағылшын тілін білмейтін тұл­ғалар елші болған. Бұған қоса, құқықбұзушылық жасағаны үшін дипломаттардың дәрежесі төмен­детіледі немесе одан айыру да қаралады. Елшілік қызметкерлері тентек мінезімен, бөтен елдің заңына қайшы іс-қимылымен елдің беделіне дақ түсірмеуге тиіс. Мәулен Әшімбаев аталған заң жобасының ерекше маңызын атап өтті. Халықаралық аренада Қа­зақстанның мүддесін іл­гері­ле­­туде отандық дипло­матиялық қыз­меттің ерекше рөл атқаратыны ескерілді. – Құжат еліміздің дипло­­ма­тиялық қызметінің құқықтық базасын жетілдіріп, реттейді және осы саладағы өзекті мәсе­лелерді шешуге ықпал етеді. Жо­ба дип­ломатия саласының ардагер­лерін әлеуметтік тұрғы­дан қолдауға ба­­­ғытталған нор­маларды да қам­тиды. Заң елі­­­міздің дипло­ма­тия­лық қыз­ме­тінің тиімділігін арт­тыруға өз үле­­сін қосады деп се­неміз, – деді М.Әшімбаев. Депутаттар заң жобасын қарау барысында оған бірқатар түзету енгізуді ұсынды. Сенаторлар «дип­­­ломатиялық қызмет ардагері» ұғы­­­­­­мын түзетуді және осы санатқа жататын адамдар тобын қайта қарауды ұсынды. Сондай-ақ Қа­­­зақстанның шетелдік елші­ліктері қызметкерлері мен олар­дың от­басы мүшелерінің дипло­матиялық поштаны жеке мақса­тына пай­­да­­лануын, мысалы сол арқылы өз­­­­­деріне арналған заттар мен тех­­никаны Қазақстанға жі­беру құқы­ғын жоюды сұрады. Заң жо­­­басы Сенаттың осы және басқа да тү­зетулерімен Мәжіліске қай­та­рылды. Өйткені бұл түзетулер енуі үшін Мәжіліс депутаттары ке­лісімін беруі керек. Сондай-ақ сенаторлар «Кей­бір заңнамалық актілерге атом энер­гиясын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жоба­сын да талқылады. Құжат атом энергетикасы саласындағы мем­лекеттік органдардың өкілет­тік­тері мен міндеттерінің аражігін нақты ажыратады. Бұл қазақ­стан­дықтардың қауіпсіздік дең­гейін арттыруға, сондай-ақ мем­­­ор­­­­гандар өкілеттіктерінің қай­­­та­лануын болдырмауға мүм­­­­­­кіндік бермек. Құжат отандық заңна­­маның кейбір ережелерін Ха­лықаралық атом энергиясы агент­­­тігінің қауіп­сіздік жө­нін­дегі та­лап­тарына сәйкес келтіреді. Заң­ды Пар­ламент құп­­тады. Енді Мем­лекет басшысына қол қоюға жі­бе­ріледі.

Елдос СЕНБАЙ