Иран Ирактағы АҚШ-тың әскери базасына зымыранмен соққы жасады

Иракта АҚШ базасына баллистикалық зымырандармен соққы берді, –деп жазды 24.kz.

Пентагон өкілі Джонатан Хоффманның мәлімдеуінше, зымыран тастау Иран аумағынан жасалған.

Белгілі болғандай, әл-Асад базасына ондаған зымыран құлаған.

Шабуыл Иранның әскери генералы Касем Сулейманиді жерлеу рәсімінен кейін бірнеше сағат өткенде жасалған.

Әзірге АҚШ тарапынан қанша адамның зардап шеккені белгісіз.

Бірақ Ирак жағынан қаза тапқандар болуы мүмкін. Өз кезегінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Стефани Гришамның мәлімдеуінше, Дональд Трамп болған оқиғадан хабардар.

Президент аймақтағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр екен.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.