Құжат құны – 23 миллион теңге
Құжат құны –  23 миллион теңге
100
оқылды

Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына апаратын жолдың жобалау-сметалық құжатының құны 23 млн теңгеге бағаланды. Қарақия ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі порталда жарияланған тендерінде осындай сома көрсетілген.

Тендер жолдың өзін салуға емес, жобалау-сметалық құ­жатын әзілеуге арналған. Бай­қауда жобаның құны 23 199 107  теңгеге бағаланған. Одан бөлек, аталған мекеме Бозжыра шат­­қалында орналасатын та­­ма­шалау алаңы­на апаратын жол­дың да жобалау-сметалық құ­жаттарын әзірлеуге байқау жа­­рияланған. Оның құны 18 493 750 деп бел­гіленіпті. Бай­­қау порталда жа­­рияланып қой­ды, өтініштерді қа­­былдау 25 ақ­панда аяқталады. Сөйтіп, Боз­жыраға қатысты нақты ше­шімдер қабылдана бастағаны белгілі болды.

Ардақ СҰЛТАН