Көше атауларын өзгертуге мораторий жарияланады

Көше атауларын өзгертуге мораторий жарияланады

Елімізде елдімекендердегі көше, аудан, алаңдар мен даңғылдардың атауларын өзгертуге 1 мамырдан бастап уақытша мораторий енгізілуі мүмкін. Мұндай ұсыныс халық санағын өткізу бойынша құрылған арнайы комиссияның отырысында айтылды.

Жиынға қатысқан Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов бұл ұсынысты қолдады. Сөйтіп, халық санағын сапалы өткізу үшін 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін көше, даңғыл, шағын­ау­дандар, саябақтар, скверлер, кө­­­пірлер мен бульварлар атауын өзгертуге мораторий жариялау үшін комиссия Президент әкім­шілігіне тиісті хат жолдамақ. Бірінші вице-премьердің тап­сыр­масына сәйкес, арнайы хатты Ұлттық статистика бюросы әзір­лемек. Сонымен бірге санақ қарсаңында жаңа аудан ашу немесе жабу тәрізді әкімшілік-аумақтық бөліністерге өзгеріс жасауға да болмайды. Ал елі­міздегі кезекті халық санағы 1-30 қазан аралығында өтеді. Де­­ген­мен одан бір ай бұрын, 1 қыр­күйекте онлайн санақ бас­талады. Ол 15 қазанға дейін өтеді. бірінші вице-премьер халық санағына арналған sanaq.gov.kz сайтын хакерлер ша­буы­лынан қорғау үшін Ұлттық статистика бю­росы мен Кибершабуылдарды зерттеу және анализ жасау орта­лығына (ЦАРКА) ҰҚК-мен бір­лесіп, тәулік бойы мониторинг жүргізуді тапсырған еді.

А.СҰЛТАН