Австралиядағы орман өрті: Билік судың тапшылығынан түйелерді өлтіріп, көмуге мәжбүр
Австралиядағы орман өрті: Билік судың тапшылығынан түйелерді өлтіріп, көмуге мәжбүр

Австралия билігі аламат өрт салдарынан бірнеше мың түйені өлтіруге шешім қабылдап отыр, — деп жазады The Hill-ге сілтеме жасаған Tengrinews.kz.

Басылымның жазуынша, аймақтағы аптап пен қуаңшылықтың салдарынан жануарларға су әдеттегіден көбірек керек, ал бұл жергілікті ортада бейберекетсіздікке алып келген.

Түйелер қоршауларды сындырып, үйлерге жиі кіріп кетеді, су іздеп кондиционерлерді бұзады екен. 

Елдің солтүстігінде түйені өлтіру оперциясы бүгін басталады. Билік 5 күн ішінде 10 мыңға жуық түйені өлтіруді жоспарлап отыр. Жануарлардың денесін өртейді немесе көміп тастайды. 

Австралия орманындағы өрт былтыр қазан айынан бері тоқтамай тұр.