Балаларға арналған 300 кітапхана бар
Балаларға арналған 300 кітапхана бар
161
оқылды

Ұлттық электронды кітапхана жұмысын дамытып, ел бойынша коуоркинг орталықтарының санын арттыру көз­деліп отыр. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-ми­нистрі Нұрғиса Дәуешов айтты.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық кітап­хана ашылады. Қазір елде 11 мың­ға жуық кітап ордасы бар. Оның 300-і балалар мен жас­өспірімдерге арналған. Енді оқыр­мандарға биллинг жүйесі арқылы кітап қоры қолжетімді бо­лады және бірыңғай электрон­ды оқырман билеті қолданысқа енеді. Ұлттық академиялық кітап­ханадағы электронды каталогта 60 мыңға жуық материал сақ­талған. «Онда 200 мыңнан аса оқырман цифрлы жүйені пай­даланып отыр», – дейді ол. Қазір 33 автордың шығармасын осы жылы шығару қолға алынып жатыр екен. Кітап палатасы жа­ғынан балалар шығармасын жаз­ған жазушыларға конкурс ұйымдастырылады. Сондай-ақ балалар әдебиетіне байланысты арнайы кітап шығару жоспарда бар деседі. «Қазақстанның оқырман ұр­пағы – 2021» жалпыұлттық ак­циясын өткізуді ұсынып отыр. Яғни, шығармашылық интелли­генция өкілдерін, қайраткер­лерін, қазақстандық мәдениет пен спорт жұлдыздарын, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу белсенділігі мен кітап оқу мәде­ниетін арттыруға бағытталған түрлі шаралар өткізу, балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқу мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқу дәстүрін қолдау. Онда кітап оқу марафондарын, челлендждер, флешмобтар, кітапханаларға кітаптар сыйға тартылады», – дейді Дәуешов.