Иран-АҚШ қақтығысы: Трамп әскерінің мықты екенін айтты
Иран-АҚШ қақтығысы: Трамп әскерінің мықты екенін айтты
5,178
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Ислам революциясы күзетіндегі корпусының (ИРКК) АҚШ-тың екі әскери базасына соққы жасауына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы президент Twitter желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Lenta.ru-ға сілтеме жасап Tengrinews.kz.

Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базасына зымырандармен соққы жасаған болатын.

Трамптың мәлімдеуінше, соққы салдарынан қанша адамның қаза тауып, қанша адамның жарақат алғаны анықталып жатыр.

«Қазіргі таңда біздің әскерилер әлем бойынша мықты жасақталған әрі ең мықты әскерилер!», – деді Дональд Трамп.

Еске салай кетейік, «Айқын» газетінде Иран мен АҚШ арасындағы текетірестің қайда бет алғанын сараптап жазған болатынбыз.