Хабарландыру
Хабарландыру
107
оқылды
Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни­верситеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62. Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 20-бабының   негізінде ашық конкурс тәсілімен Университеттің бас оқу ғимаратының алдындағы жарамсызданған брусчаткамен бордюрлерге жөндеу жүргізу жұмыстарын сатып алу. Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісімшартқа қол қойған күнінен бастап әлеуетті өнім беруші тауарларды 20 күнтізбелік күн ішінде жеткізуі тиіс. Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға уни­верситеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10-бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұраймыз:
  1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
  2. Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
  3. Әлеуетті өнім берушінің заң талабына сәйкес тиісті құзыретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
  4. Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтерін немесе суреттерін өткізуі тиіс;
  5. Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек;
  6. Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде кон­курс­қа жарияланған жалпы сомасының кем дегенде 5 пайызы мөл­шерін­де мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атын­дағы ХҚТУ мекемесі, БСН:990440008043, БСК:HSBKKZKX, ЖСК:­KZ436010291000010707, Кбе:16, «Қазақстан Халық Бан­кі» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат;
  7. Сатып алынатын тауарға кепілдік мерзімі 12 ай болу міндетті.
Сатып алынатын Университетттің  ғимараттарын жөндеуге қажетті тауарларды тізімі мен келісімшарт үлгісін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29В мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, №203-кабинеттен алуға болады. Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 05.03.2021, сағат 16.00. Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты: Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы кон­вертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29В мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік уни­верситеті, Ректорат ғимараты, №203-кабинетте қабыл­данады.