Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Әлеумет

Жас ғалымның мәселесі аз емес

«Айқын» ақпарат
Ақпан 12, 2021
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
ғалым

Әйгілі «Менің атым – Қожа» фильмінде бас кейіпкер «Атым­ды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай бо­лады да тұрады» деп әңгіме бастаушы еді ғой. Сол секілді Қа­зақ­стан­дағы ғылымды айта бастасақ, «плагиат» немесе «ашып жатқан жөнді жаңалығы жоқ» деуге әуес болып барамыз. Одан қала берді, ғалымдарға айтарлықтай жағдай жасал­мағанын айтып күңіренетініміз тағы бар.

Қандай жетістіктер бар?

Былтыр қазақстандық ғылыми қыз­меткерлер күнінде Білім және ғы­лым министрі Асхат Аймағам­­бетов құттықтау жолдап, ғалым­­­­дарды құрметтеуге шақырған. «Бұл салада қазір елімізде 22 000-нан астам маман еңбек етіп жатыр. Ғы­­лымсыз, жаңа технологиялар мен білімді енгізбей, экономикада да, әлеуметтік салада да табысқа жету мүмкін емес. Сондықтан өмі­рін ғылымның дамуына арнаған жан­­дарды бағалауымыз керек» деген еді. Расында, кейінгі жыл­­­дары Қа­­­зақстан ғылымының әлеуеті артып, жас ғалым­­­дары­­мыздың жетістігі көбейіп келеді. Оған дәлел ретінде ғалым­­­дары­­мыз­­дың ха­­­­­лық­аралық ғылыми ба­­сылымдарда жа­­рық көріп жатқан еңбектерін атап өтуге болады. Мәселен, 2011-2019 жыл­­­­дар ара­­­­лығында Қазақстан Web of Science ба­­­­­­з­асында жа­­­­­рия­­ланған мақа­­­­­­­­лалар саны жөнінен 122-орын­­­­нан 87-орынға көтерілген. Бүгінге дейін отандық ғалымдардың Web of Science мәліметтер база­­­­сында – 28 973, Scopus-та 33 116 материалы жарық көріпті. Соны­мен бірге 2011 жылмен салыс­тыр­­ған­­да ғалым­­­дарымыздың жа­­рия­­ланған ең­­бектері Scopus база­­сында 34,5 есе, Web of Science-та 59 есе арт­қан.

Плагиат неге азаймай отыр?

Президент ғылым саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ғылымда даңғыл жол бар, ол – ізденіс пен білім жолы

Күрделі мәселелер шешімін тапты

Байқасақ, жетістік деп ауыз толтырып айтуға болады. Дегенмен шын мықтылардың ішінде бір қарын майды шірітетін құмалақтың болуы да заңды. Мәселен, жыл ба­сында сенатор Сәуле Айтбаева палатаның кеңейтілген оты­­­­ры­­­сында докторлық, кандидаттық жұ­­­­мыстардың сатылатынын айтып, мәселе көтерген болатын. «Google іздеу жүйесіне «докторлық, канди­­­даттық диссертация сатып алу» деп жазса, Қазақстанның өзінде 303 мыңға жуық нәтиже шығарып бе­реді. Кандидаттық жұмыстарға тап­сырыс беретін сайттардың бі­­рінде сатып алу арқылы уақыт үнемдейтініңіз, керегіңізді ала­­­тыңыз­­ды айта отырып, жоғары бі­­­­лікті мамандардың жазатынын және бағасы қандай екенін де ашық көрсеткен. Тапсырыс бере отырып, қосымша ғылыми журналдарға шығарып беру жайлы да айтылған. Тіпті, студенттер, магистрант­тар­дың пікірлері де бар. Көшіру қазір жеңілдегенін, сапа бақылауы тө­мендегенін айтыпты. Сөйте тұра, интернетте Қазақстан ғылымы ту­­­­ралы ақпарат аз» деген еді С.Айт­­баева.

Сенатордың бұл сауалына Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Шолпан Каринова былай деп жауап берді: «Бұл мәселеден сала министрлігі хабардар. Осы жағдайға мониторинг жасалып жа­­тыр. БҒМ-ның жыл сайын қабыл­­дайтын нормативтік-құқық­тық актілері зерттеу нәтижелері мен ғылыми қызметкерлерге деген та­лапты күшейтуге бағытталады. Бү­гінде плагиатқа, оның мойын­­далуына қатысты талаптар қатаң­дай түсті. Жылына докто­рантураға мемлекеттік бюджет есебінен 2 мың­ға жуық грант бөлінеді. Ал соның нәтижесін көрсетіп, док­торлық алатындар саны 200-дей. Бұл аса көп емес». Сонымен бірге вице-министрдің айтуынша, қазір ағылшын тілін білуі де міндетті екенін атап өтті. Ал енді плагиат табылған жағдайда, Бас проку­ра­тура іске кіріседі екен. Әрі былтыр мемлекеттік мекемелерде бірыңғай антиплагиат жүйесі енгізілген. Яғ­ни, мәселені шешу үшін осындай шаралар атқарылып жатыр. Ендігі үміт – айтылған іс-шаралардың пла­гиаттың азаюына әсер етуінде.

Ғылымды дамыту үшін мемлекет не істеп жатыр?

Әлбетте, ғылымның әрі қарай кең қанат жаюы үшін бірқатар өз­геріс болуы керек. Соның ішінде бас­қару жүйесі мен қаржыландыру механизмдері де жаңартуды талап етеді. Осыған байланысты Мем­­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржыландыруды көбейтуді тапсырған. Бұл бағытта жұмыс басталып та кетті. Нақтырақ айт­­­қанда, 2020 жылы ғылыми-зерттеу институттарының инфра­­құрыл­ы­мын жаңартуға тұңғыш рет қаражат бөлінді. Бұл дегеніміз ендігі жыл­дары ғылыми мекемелердің жұмы­сын жандана түсетінін білдірсе керек. Сонымен қатар гранттық жә­не ғылыми бағдар­ламаларға ар­налған мақсатты қаржы­лан­­­ды­ры­латын байқаулар бұрын­ғыдай үш жылда бір емес, жыл сайын өт­кі­зілетін болды. Әрі жас ғалымдар ара­сында түрлі гранттық байқау да жү­зеге асырылуға тиіс.

Біздегі үлкен мәселенің бірі – қызметті асыра пайдалану және жемқорлық. Бұл саладан да пара алыс пен беріс айналшықтап өте қоймас. Десе де, осының алдын алу үшін қаржыны бөлуде толық ашық­тық орнайды деседі. Мұны енді уақыт көрсете жатар. Жоғары оқу орындары мен академиялық ғы­лымның интеграциясын жасауға да көп көңіл бөлу жоспарда бар. Осы мақсатта 10 ең үздік оқу орны таң­далып, солардың базасында мақ­сатты қаржыландыру бөле оты­рып, академиялық орталықтар ашу көз­де­ліп отыр. Ең маңыздысы, ғы­лымға ерекше көңіл бөлінетінін біл­діретін қадам – оған бөлетін қар­­жының көлемі. Бұл орайда да Бі­лім және ғылым министрлігі мә­ліметтері бойынша, жақсы жаңа­лық бар. Атап айтқанда, 2020-2022 жыл­дар арналған қаржы көлемі артады екен. 2025 жылға қарай ол ЖІӨ-нің 1 пайызын құрайды деседі.

«Әлемдік ғылыми орта­­­лық­тардан біздің ғалымдар тағы­лым­­дамадан өтуі үшін арнайы гранттар бөлуді қарастырып жатырмыз. Әрі дәстүрлі гранттан бөлек, шағын, шұғыл және коллаборацияға ар­налған жаңа гранттардың түрлері пайда болады. Бағдарламалық-мақ­сатты қаржыландыру нақты ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін ғана беріледі. Бұл ретте ашықтық аса қажет. Мәселен, бұ­рын қаржыландыру туралы ше­шім құпия дауыс беру арқылы жүзеге асырылып келген болса, енді нақты критерийлері бекітілген, ұпай бе­рілетін, отырыс онлайн көр­сеті­летіндей етіп ұйым­дасты­рылған ашық дауыс беру арқылы бөлінеді» деген еді министр Ай­мағамбетов.

Жас ғалымдардың пікірі қандай?

 Министрдің бұл айтқандары көңілге қуаныш сыйлайды. Де­генмен алғашқы нәтижелері анық көріне бастағанда ғана қуануға болады. Осы ретте жас ғалымдардан отандық ғылымның, соның ішінде жас әріптестерінің әлеуетіне қан­дай баға беретіні жайлы сұрас­­­тырған едік. Химик Аяулым Бел­гібаеваның елдегі ғылымның да­муына көңілі толады екен. «Қа­зақ­стандық жас ғалымдардың перс­пективасы зор деп ойлаймын. Жылдан-жылға ғылымға көбірек көңіл бөлініп келеді. Шетелде оқып, тағылымдамалардан өтіп, ғы­­­­­лымның әлемдік стан­­­­­­­­­дарт­­тары­мен танысып жатқан жас ғалым­дарымыз аз емес. «Ғылым Faces» жобасының кейіп­керлері соған дәлел. Химия, физика, биология сияқты жаратылыстану ғылым­дарын­да, робототехникада ауыз толтырып айтатын жетістік көп. Нанотехнология бағытындағы ғалым­дарымыздың еңбектері әлем ғалымдары ең көп дәйексөз еткен мақалалар қатарынан табылып жатыр. Биологтарымыз корона­­вирусқа қарсы вакцинаны дамы­тып, үй жағдайында коронавирусты анықтауға болатын экспресс-тесттер жасап шығарды. Тоқ­­таң­­қырап тұрған салалар да бар. Мы­салы, археология. Мұнда шет­елдік тәжірибесі бар мамандар аздау, толыққанды археологиялық зерт­теулер жүргізуге қажетті пәнаралық зертханалар жетіспейді, архео­логиялық нысандар дұрыс қорғал­майды. Десе де, әлем ғалымдарымен бірлесе елімізде археологияның дамуына үлес қосып жатқан ға­лымдарымыз барын атап өту ке­рек», – дейді жас ғалым.

Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қыз­­­­меткері, патент істерін үйлестіруші Ботагөз Құлжанова ғылымның дамуы үшін қатаң талаптардың қойылуын құптайтынын айтып отыр. Оның сөзінше, ғылым са­­­ласына соңғы кездері көп өзгеріс енгізіліп жатыр. «Атап айтсақ, докторантурада оқитын жас ғалым­­­­дарға PhD атағын қорғау үшін та­­лаптар күшейтілді. Яғни, бұрын шетелдік журналда бір ғылыми мақала шығарған жағдайда PhD атағын қорғай беруге болатын бол­са, қазір шетелдік басылымдарда жа­­­­­рық көрген ғылыми мақаланың бағыты мен арнайы көрсеткіштері сәйкес келуі қажет. Сонымен қатар соңғы жылдары БҒМ-нің қол­­дауы­­­мен бұрын-соңды бол­маған, 40 жасқа дейінгі жас ғалымдарға ар­налған гранттық жобалардың бай­­­қаулары жыл сайын өткізіліп тұ­­рады. Менің ойымша, бұл қазір жас ғалымдарды ғылыммен айна­лысуға жігерлендіреді. Қазір жалпы ғы­­­­лымның барлық бағыты бойынша іл­гері істер жасалып жатыр. Ғы­­­лым­ның басым бағыттары бойын­ша Ұлттық ғылыми кеңес­тердің құра­­­­мында да жастардың үлесі көп», – дейді Б.Құлжанова.

Отандық ғылымның күрмеулі мәселелері

Ал отандық ғылымды кері тар­тып тұрған қандай факторлар бар? Ғалым десе, көз алдымызға ақ шаш­ты, алпысты алқымдаған адам неге елестейді? Жас ғалымдардың жа­лақысы аз болғаны жастар үле­сінің төмен болуына тікелей әсер ете ме? Бұған қатысты ғалымдар пікірлерін білдірді. «Елдегі негізгі проблема – қаржыландырудың аз­дығы. Білім және ғылым ми­нистрлігі бөлетін гранттардың со­­масы әдетте сұратылған сомадан бірнеше есе төмен болады. Одан кейінгісі – зертханалардың жаб­дықталуы. Бөлінген қаржы қажетті құрал-жабдықтың бар­­­лығын алуға жетпей жатады. Елімізде көптеген өндірістің жоғынан барлығын шет­­­елден алдыруға тура келеді. Бұл қо­­­­сым­ша уақыт пен қаржыны қа­жет етеді. Ал енді ғылымда жастар­дың аз болуының негізгі себептері­нің бірі – жалақының аздығы. Одан бөлек, жалпы ғылыми жұ­мыс­пен айна­­­­лысуға болатынын кө­бі біле бермейді. Себебі мек­теп­тер мен уни­­­­­­верситеттерде ол ту­ралы көп айтылмайды. Ғалым­дар­ды тек оқу­лықтардан ғана көруге бо­латындай түсінік қалыптасқан. Бі­рақ қазір ғылымға қызығатын жас­тар саны артып келеді», – дейді А.Белгібаева.

Б.Құлжанова болса, ғы­­лым­дағы жастардың үлесі аз бо­­луына аға буын­­­­ның да әсері бар деп есептейді. Одан да бөлек мә­­селені меңзеп өтті. «Аға буын өкілдерінің жас­тар­ды баулып, ғылымға құл­шынысын арттыр­­­мауына бай­ланысты деп ой­­­лаймын. Жас ға­лымдар магис­­­­тра­­тураны бітіріп, ғылыми орта­­­лыққа жұмысқа кел­генде тәжіри­бесінің болмауына байланысты бас­­­­­­­­­тапқы уақытта төменгі жала­қыға қызмет етуге мәжбүр. Әрі қазір бұрынғы Кеңес Одағының ке­зін­­­дегідей жас ға­лымдарға бір­реттік көмек, жер телімі немесе бас­пана сияқты ма­те­­­риалдық жағ­дайын көтеретін ын­та­­ландыру жағ­дайлары қарас­ты­­­рылмаған» деп атап өтті. Бұл – көп мәселенің бір­не­шеуі ғана. Ғы­­­лым дамуына ке­дергі болып отырған бұдан да бөлек мә­селелер жет­­кілікті. Одан бөлек, отандық ғылым же­­­тістіктері туралы көп ай­­тылып, жа­­зылмауы да жас ұр­пақ­­тың ғы­­лыммен айналысуға құл­шынысын ашпай отыр. Есесіне жағымсыз жаңалықтардан көз сүрі­неді.

Жадыра АҚҚАЙЫР

 
Тегтер: Асхат АймағамбетовғалымҒылымжас ғалыммәселеплагиат
Алдыңғы жаңалық

Астаналық студент ерекше жөргек ойлап тапты

Келесі жаңалық

Бір тәулікте пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Ұқсас жаңалықтар

Шерхан
Қазақстан Тәуелсіздігіне - 30 жыл

Шерхан дәуірі

Сәуір 13, 2021
Ақмола, жезөкше, қылмыс
Жаңалықтар

Қыздарды жеңіл жүріске мәжбүрлеген үш «жеңгетай» ұсталды 

Сәуір 13, 2021
Рамазан, Нұрлан Нығматулин, Ораза
Жаңалықтар

Шапағаты мол Рамазан айы халықты жанашыр болуға шақырады – Нұрлан Нығматулин

Сәуір 13, 2021
Павлодар
Әлеумет

Көше атауы көршінің шымбайына батты

Сәуір 13, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шерхан дәуірі

Сәуір 13, 10:00

Қыздарды жеңіл жүріске мәжбүрлеген үш «жеңгетай» ұсталды 

Сәуір 13, 09:56

Шапағаты мол Рамазан айы халықты жанашыр болуға шақырады – Нұрлан Нығматулин

Сәуір 13, 09:39

Көше атауы көршінің шымбайына батты

Сәуір 13, 09:35

Рамазан айы адамдарды мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді – Асқар Мамин

Сәуір 13, 09:28

Пневмониядан 4 адам қайтыс болды

Сәуір 13, 09:19

Орның бөлек, Рамазан!

Сәуір 13, 09:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Шерхан

Шерхан дәуірі

Сәуір 13, 2021
Ақмола, жезөкше, қылмыс

Қыздарды жеңіл жүріске мәжбүрлеген үш «жеңгетай» ұсталды 

Сәуір 13, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»