Иранда апатқа ұшыраған украиналық лайнердің жолаушылары түгел қаза тапты
Иранда апатқа ұшыраған украиналық лайнердің жолаушылары түгел қаза тапты
5,124
оқылды

Reuters басылымының жазуынша, Иранда апатқа ұшыраған украиналық лайнердің бортында болған барлық адам қаза тапты.

Ұшақ «Украина халықаралық әуе жолдары» әуе компаниясына тиесілі. Иранның шұғыл медициналық көмек көрсету қызметінің басшысы Пирхоссейн Куливанд Куливанд IRINN мемлекеттік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында апат болған аймаққа жедел жәрдем бригадалары жіберілгенін, алайда олар зардап шеккендерге жақындай алмағанын, өйткені онда ұшақ бөлшектері жанып жатқанын хабарлаған.

Иранның IRNA жаңалықтар агенттігінің мәліметінше, ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Бұл туралы Иранның құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Моджтаба Кхалед хабарлады. Еске салайық, мұның алдында Иранда 180 жолаушысы бар украиналық ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. 

Лайнердің техникалық ақауға байланысты Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшырағаны айтылады.

Әуежай басшысы әуе апатын растады. Ол ұшақтың әуежайдан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.