Зеленский ұшақ апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты
Зеленский ұшақ апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты
5,099
оқылды

Украина президенті Владимир Зеленский Иранда украиналық лайнердің апатқа ұшырауына байланысты пікір білдірді.

Бұл туралы Зеленский Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Таяу Шығыстан суыт хабар келді. Бүгін Тегеран қаласындағы Имам Хомейни халықаралық әуежайынан ұшқан «Украина халықаралық әуе жолы» әуе компаниясының жолаушылар ұшағы әуежай маңында апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, барлық жолаушы мен экипаж мүшелері қаза тапқан. Біздің елшілік болған оқиға жайлы және қаза тапқандар туралы мәліметті анықтап жатыр. Қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды. 

Айта кетейік, бүгін 180 жолаушысы бар ұшақ Тегеран әуежайынан ұшып шыққан бойда апатқа ұшырағанын мәлімдеді.