Ирандағы атом электрстанциясында жер сілкінісі тіркелді

Ирандағы атом электрстанциясында жер сілкінісі тіркелді

«РИА Новостидің» хабарлауынша, Иранда «Бушер» атом электрстанциясына жақын маңда магнитудасы 4,9 және 4,5 екі жер сілкінісі тіркелді.

АҚШ-тың геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, магнитудасы 4,9 жер сілкінісі UTC уақыты бойынша 2:20-да (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 8:20) болды.

Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Боразджан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай он шақырым жерде, ошағы он шақырым тереңдікте орналасқан. 

Магнитудасы 4,5 екінші жер сілкінісі UTC уақыты бойынша 3:19-да (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 9:19-да) болды.

Эпицентр Боразджан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 17 шақырым жерде орналасқан.