Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, тасжолдарда көлікпен жүруге уақытша шектеу енгізілді.

Бүгін сағат 00:00-де Алматы облысында тұман, көктайғаққа байланысты «Екатеринбург-Алматы» автожолының 2300-2380 шақырымындағы Қаншенгел Құрты ауылдарының арасындағы жол бөлігінде («СПИК Аккорд» АҚ қайта құру учаскесінде) көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді. Сондай-ақ 12 ақпан 00:30-да Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, көктайғақ, тұманға байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 195-246 шақырымында Ресей шекарасы мен Орал қаласы аралығындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін жол жабылды. Сонымен қатар бүгін сағат 00:30-да Алматы облысында жаңбыр, кей жерлерде көктайғақ, жолдың көрінбеуіне байланысты «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 25-320 шақырымында Арман – Алтынкөл жол бөлігінде («ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақылы автокөлік жолдары дирекциясына қарайтын участок) барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. 12 ақпан сағат 06:30-да Ақтөбе облысында жаңбыр, көктайғаққа байланысты «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы шекарасы» автожолының 11-92 шақырымында Ақтөбе -Қандыағаш қалаларының аралығындағы жол бөлігі («СПИК Аккорд» АҚ қайта құру учаскесінде) барлық көлік түрі үшін жол жабылды. Бүгін сағат 06:30-да Ақтөбе облысында жаңбыр, көктайғаққа байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 773-836 шақырымы, Белогорка - Хромтау арасындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

12 ақпан сағат 01:00-де Алматы облысында тұманнан жол көрінбеген соң «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 24-243 шақырымында Арман –Шонжы арасындағы жол бөлігінде барлық көлік түрі үшін жол жабылды.